Қытайда тоқсандағы шешесін екі қолы жоқ мүгедек ұлы асырап отыр
Қытайда тоқсандағы шешесін екі қолы жоқ мүгедек ұлы асырап отыр
01.09.2015 09:16
4800
0

Қытайда тұратын 48 жастағы Чэн Хинюньнің (Chen Xinyin) тағдыры өте қиын. Ол 7 жасында екі қолынан айырылған.
Чэн әкесі 20 жасында дүние салған соң, ауру анасымен жалғыз қалады. Уақыт өткен сайын анасының денсаулығы нашарлай түседі.

мугедек2

Әлдебіреулер Чэнге: “Қайыршылықпен айналыс” деген сияқты кеңес бергенде, ол: “Екі қолым болмағанымен, екі аяғым бар. Олай ақша табуға ешқандай ниетім жоқ”, – деп кесіп айтады.

мугедек3

Чэн екі қолынан айырылған соң, тамақ пісіруді, егін егуді, себет тоқуды үйренеді. 2014 жылдан бастап Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Чунцин резиденциясында тұратын ол өзінің 91 жастағы анасын толығымен қамқорлыққа алады. Тіпті анасын қасықпен тамақтандыратын күйге жетеді.

мугедек4

Қыс мезгілі – Чэннің ең бір қатты қиналатын шағы, себебі жұмысының көп бөлігін аяғымен істеуге мәжбүр болғандықтан, аяғы жиі тоңып қалады екен.

мугедек5

Чэнь ең алғаш рет тағам пісіруді үйреніп жүрген кезінде ол сан мәрте аяғын жаралап, оладың аш отырған шақтары аз болмапты.

мугедек6

Себебі оның анасы сал болғаннан бері олардың қасында көмектесетін жақын адамдары болмаған. Сол себепті ержүрек қаһарманымыз жұмыс істеу үшін дене мүшесінің барлық мүмкіндігін пайдалануға тырысып бағады екен.

мугедек7

мугедек8

мугедек9

мугедек10

nur.kz

0 пікір