Қытайда тарихи қалаларға кіруге шектеу қойылады
Қытайда тарихи қалаларға кіруге шектеу қойылады
29.05.2015 09:09
850
0
Бейжіңдегі «Жабық қалаларға» туристердің кіріп-шығуына шектеу қойылды. Бұдан былай тарихи қалаларды тәулігіне тек 80 мың адам тамашалай алады, деп хабарлады  www.24.kz.

Музей басшылығы бұл қадамға көне кешеннің келбетін сақтап қалу үшін барған. Сонымен қатар келіп-кетуші адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет дейді. Бейжіңдегі «Жабық қалаға» жылына 15 млн турист келіп-кетеді. Бұл көрсеткіш осымен үшінші жыл қайталанғалы отыр. Кіре берісте ғана емес, тарихи ғимараттың іші де ығы-жығы. Тіпті қытайлықтар «көне кешенге келетін саяхатшылар саны Париждің Луврынан, Лондондағы Британ музейінен де көп» деп мақтанады. Рекордтық көрсеткіш - былтыр қазан айында күніне 180 мың адам кіріп-шыққан. Бірақ мұншалықты мол адам тарихи ескерткіштердің сақталуына қауіп төндіреді және қызмет көрсету сапасына кері әсер етеді.

- «Экскурсия кезінде жан-жағыңыздан тек басқа адамдардың басын көре аласыз. Кең сарайды сүйсіне аралап, тарихи жәдігерлерді қарай алмайсыз. Біз туристерге қызықты ақпарат беріп үлгермейміз. Халықтың тым көп келуі үлкен мәселеге айналып барады», - дейді  экскурсия жетекшісі Мяо Бин.

 Сондықтан музей басшылығы «Жабық қалаға» кірудегі жаңа талап қызмет көрсету сапасын көтереді» дейді. Ең бастысы, қауіпсіздік үшін қажет деп отыр.

, «Жабық қала» музейінің директоры Шань Цзисянның айтуынша, былтыр орташа есеппен күніне 46 мың турист келген екен. Екі ай бойы тәулігіне 80 мың адам кіріп-шыққан. Бұл өте көп. Сондықтан бұдан былай шектеулер енгізіліп отыр.

Мұнда негізінен Қытайдың басқа өңірінен келушілер көп. Ішкі туризм жақсы дамыған. Алыс ауылдағы қытайлықтар Таяньаньмынь алаңын, «Жабық қаланы» көрсем деп жеткендер. Дегенмен олар жаңа талап өзіміз үшін жақсы деп құптап отыр. Ал алыпсатарлардың жолын кесу үшін билет тек жеке азаматтық куәлікпен сатылады. Топ-топқа бөлінген туристердің жетекшілері алдын ала интернеттен тапсырыс бермесе, кассада билет берілмейді.

0 пікір