Қағба тегін интернетпен қамтылды
Қағба тегін интернетпен қамтылды
03.07.2015 15:46
2146
0
Ислам әлемінің басты аумағы, «әл-Харам» мешіті мен Қағба маңы түгелдей тегін интернетпен қамтылды. Қос кие басқармасы ақпараттық технология орталығы директоры Бандар аль-Кузаймның айтуынша, бұл қажыларға жасалар жағдайдың тек бірі ғана.

Орталық директоры жаңа жоба мұсылмандардың нақты жергілікті уақыт бойынша әкімшілікпен байланысып, керекті ақпаратқа қол жеткізуін мақсат ететінін айтты.

Ал қажылық рәсімінде тәуап етуші мұсылмандар үшін өз смартфондарында  Қағбаны қанша рет айналуы керектігі туралы мәліметтер көрсетіледі.

«Біз бұған қоса жаңа мобильді қосымшаны да іске қостық. Ол арқылы кез келген мұсылман кешкі ауызашар асына тапсырыс бере алады. Тапсырысты дәл «әл-Харам» мешітінде отырсаңыз да жеткізіп береді» дейді аль-Кузаим.

Келесі бір ерекше мүмкіндік – иғтикаф құлшылығына электронды түрде тіркелу. Мешітте өтетін осы құлшылық рәсіміне әзірше араб, ағылшын, түрік, урду, парсы және француз тілдерінде тіркелуге болады. 

0 пікір