Малайзия ғайбатқа заңмен тыйым салмақ
Малайзия ғайбатқа заңмен тыйым салмақ
06.08.2015 15:40
693
0
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақ құзыретті ведомсвтаға әлеуметтік желілердегі өсек-ғайбатты таратуға тыйым салу туралы заңды күшейтуді тапсырды.

«Егер интернет қолданушыларына еркіндік беріп қойса, олар адам санасын өзгертіп, тіптен, өздерінің сот инстанциясын қалыптастырып алғысы келеді» деп мәлімеді Малайзия кабинет басшысы. «Әрине, технологиялық жетістіктерге тоқтау қоймаймыз. Алайда, бұл абсолютті бостандық, еркіндік берілді деген сөз емес» деп түсіндірді Н.Разақ.

Айта кету керек, соңғы уақыттары Малайзияда билік өкілдеріне қатысты бірнеше алып-қашпа әңгіме пайда болған еді. Енді ел үкіметі өсек-ғайбат пен жаланың жолын жабу, алдын алу мақсатында әлеуметтік желі қолданушыларын жіті қадағаламақ. 

0 пікір