Мәдина – 2017 жылғы ислам әлемі астанасы
Мәдина – 2017 жылғы ислам әлемі астанасы
22.02.2017 11:13
1831
0

Биыл Мәдина қаласында «Ислам әлемінің 2017 жылғы туристік астанасы» жобасы аясында әртүрлі сериялы іс-шаралар өткізіледі. Бағдарлама Ислам ынтымақтастығы ұйымы тарапынан әзірленген. Бұл туралы ummet.kz сайты жазды.

Мәдина қаласы бұл эстафетаны «2016 жылғы ислам әлемінің туристік астанасы» болған Конья қаласынан (Түркия) алды. Осыған байланысты Мәдинаны дамыту және туризм істері басқармасы басшысы Сұлтан бин Салман бин Абдулазиздің қатысуымен кездесу өтті. Жиында 2017 жылы Мәдина қаласында ұйымдастырылаын шаралар бағдарламасы таныстырылды.

Сонымен қатар, шараға қатысушы қонақтар Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударуына қатысты қойылымды тамашалады.

MUFTYAT.KZ

0 пікір