Жапонияда роботты жалға алуға болады
Жапонияда роботты жалға алуға болады
03.08.2015 13:14
1074
0

Жапониялық SoftBank компаниясы өткен жылдың қазан айында Pepper атты роботқа тапсырыс қабылдай бастаған еді. Бұл робот көңіл-күйді көтеріп, балаларыңызға күтуші бола алады.

Өткен айда бұл жобаға Қытайдың Alibaba және Foxconn компаниялары қызығушылық танытып, 236 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. Қытай алпауыттарының қаржысы Pepper роботын әлемдік нарыққа шығару үшін қолданылмақ.

Расында, роботтар біздің өмірімізді жеңілдете ала ма?

Биылғы 20 маусымда бірнеше Pepper роботы 1610 АҚШ долларына сатылған еді. Алғашқы сатып алушылар жаңа өнімге көңілі толғандарын айтады. Олардың жазуынша, робот адамның көңіл-күйін сезіп, қиын жағдайда қолдау білдіре алады.

Енді SoftBank Pepper роботтарының бизнес нұсқасын ұсынып отыр. Pepper for Biz деп аталатын робот дүкен, дәмхана және конақ үй сынды қоғамдық орындарда қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлер роботты айына440 АҚШ долларын төлеп жалға ала алады. Әзірге Жапонияда сатыла бастаған роботтар жуырда Қытай нарығына да шығады. Содан кейін Еуропа және Американың дамыған елдерінде сатуға қойылмақ.

massaget.kz

 

0 пікір