Хирург әйелдерге арналған біржолғы хижаб шықты
Хирург әйелдерге арналған біржолғы хижаб шықты
03.01.2020 11:35
1102
0

Ұлыбританияда алғаш рет хирургиялық жолмен емдеу тәжірибесінде арнайы хижаб пайланыла бастады. Оны бір-ақ рет пайдаланады.

Осылайша хирург мұсылман әйелдер бір жағынан шариғат талабына сай кәсіби формасын киіп, екінші жағынан пациент үшін қауіпсіздіктің ең жоғарғы стандартын сақтап, былайша айтқанда, бір оқпен екі қоянды атып алды.

Тегі малайлық, дәрігер ординатор Фарах Руслан Дерби королдік емханасына жұмысқа тұрғаннан кейін біржолғы залалсыздандырылған хижаб туралы мәселе көтерген болатын. Оның айтуынша, хирург күні бойы бір ғана бас киіммен жүрсе, онда ол автоматты түрде залалсыздандырылмаған болып саналады. Яғни, тазалық талабына қайшы келеді. Ал бір жолғы хижаб ота кезінде залалсыз болмақ. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты.

muftyat.kz

0 пікір