Д. Кэмерон BBC-ге сын айтты
Д. Кэмерон BBC-ге сын айтты
02.07.2015 12:29
597
0

Ұлыбритания премьер-министр Дэвид Кэмерон «Би-Би-Си» корпарациясын ДАИШ террористік ұйымын «Ислам мемлекеті» деп атауды тоқтатуын сұрады. Ал «Би-Би-Си» арнасы британдық парламенттің 120 мүшесі осы атауға қарсы болуына байланысты бұл терминді қайта қарайтындықтарын айтып уәде берді.

Британ депутаттары бұл сөзді ешқандай исламға да, мемлекетке де жатпайтын ұйымға телудің орынсыз екендіктерін мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл Ислам мемлекеті емес, керісінше дінді құбыжық етіп көрсетуші, бұзақылар тобы.

«Көптеген мұсылмандар террористік ұйымды Ислам мемлекеті деп атауға қарсы және алаңдаулы. Әр кез осы сөзді теледидар жаңалықтарынан естігенде оларға жайсыз тиеді» деді ол. 

e-islam.kz

0 пікір