Бұлтты ауа райы кезінде күн энергиясын жинақтайтын панельдер
Бұлтты ауа райы кезінде күн энергиясын жинақтайтын панельдер
03.06.2015 09:59
1631
0
www.24.kz

Баламалы қуат көздерін өндіру өнімділігі ауа райы жағдайына байланысты болады. Аальто (Финляндия) университеті мен Каталонияның Политехникалық университеті күн қабағына қарамастан, оның шашқан сәулесінің қуатын бойына жинақтайтын батареяларды ойлап тапты. Панельдер қара кремний торшаларынан тұрады. Осы арқылы құрамдас бөлік жарықты қабылдауды 4%-ға арттырады, деп жазады espanarusa.com.  Бұл - осы батареялардың жалғыз артықшылығы емес. Олардың қара торшалары панель қандай бұрышта орналасса да, күн сәулесін қабылдайды. Бір қызығы, олар тіпті ауа райы бұлтты болған кезде де жарық импульстерін «аулайды». Батареяларға жинақталған қуат жойылып кетпес үшін олардың беткі бөлігін жауып отырудың да керегі жоқ. Қара кремний торшалары бұл мәселені де шешіп, қаржыны үнемдейді. 

24.kz

0 пікір