Барселонада күн мен желден қуат алатын шамдар орнатылды
Барселонада күн мен желден қуат алатын шамдар орнатылды
29.05.2015 09:21
834
0

Шаһар билігі көшелерде қуатты күн мен желден алып, өз бетінше сәуле шашатын инновациялық шамдар орнатты. Заманауи жарық бергіш құрылғылар тынық күннің өзінде өшпейді. Бұл – олардың басты ерекшелігі.  Бұл туралы khabar.kz хабар таратты.
Энергия үнемдегіш құраларды жасауға шамамен 4 жыл  кеткен. Өндіруші компания өкілдерінің есептеуінше, олардың өніміне қатысты қызмет көрсету құны кәдімгі көше шамдарына қарағанда 20 пайызға арзан түседі. Инженерлік мекеме Испанияның басқа аймақ әкімшіліктерімен жаңа жарық жабдығын орнату туралы келісімшарттарға қол қойған. 
Еліміз де бүгінгі таңда жасыл экономиканың игілігін көріп отыр. Естеріңізде болса, маңғыстаулық шаруа қожалығына сағатына 23 киловаттық электр энергиясын өндіретін шағын станса орнатылған болатын. 
Қондырғы Маңғыстаудың аңызақ желі мен күн сәулесінен қуат алады. Ширек ғасырға жуық уақыт жарықсыз отырған малшылар ауылы жаңартылған энергия көзінің арқасында өркениетке қол жеткізді.


0 пікір