АҚШ-та жұмыссыз жүргендердің қатары күн санап өсуде
АҚШ-та жұмыссыз жүргендердің қатары күн санап өсуде
29.05.2015 09:13
670
0

Елдегі еңбек министрлігінің хабарлауынша, нәпақасыз қалып жәрдемақы алуға өтініш білдіргендердің саны бір аптада 7 мыңға өсті. Барлығы 282 мың адам мемлекеттің көмегіне мұқтаж болып отыр - деп хабарлайды khabar.kz.
Ал Блумберг агенттік мамандары олардың саны керісінше 4 мыңға кемиді деп болжам жасаған еді.  
Айта кетейік, қазір бұл елде 2 млн-нан астам адам мемлекеттік жәрдемақының арқасында күнін көріп жүр.
Ал біздің елімізде бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Астана қаласы «Жұмыспен қамту орталығының» мәліметі бойынша, өңірде ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 5746 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен бірге жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» 1664 адамды жұмыспен қамтыған.

0 пікір