Әлем елдерінің ораза ұзақтығын білгіңіз келе ме?
Әлем елдерінің ораза ұзақтығын білгіңіз келе ме?
20.06.2015 10:44
1774
0

Қасиетті Рамазан айының келуіне орай көпшіліктің әлемнің әр бұрышындағы елдердегі ауыз бекіту ұзақтығы қанша уақытқа созылатынын білгісі келетіні анық. Осы орайда Ислам Ньюселдердегі ораза ұзақтығын анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізді.

Күннің ең ұзақ уақыты Дания елінде тіркеліп отыр. Онда оразаның орташа уақыты 21 сағатты құрайды.

Исландия, Норвегия және Швеция елдерінде оразаның орташа ұзақтығы 20 сағат, Ұлыбритания мұсылмандары 19 сағат ауыз бекітеді. Ал Германияда 18 сағаттан сәл жоғары.

Ал оразаның қысқа уақыты Оңтүстік Америка елдеріне тиесілі – 12 сағат. Австралия, Бразилия мен Чилиде – 12,5; 13 және 12 сағат.

Вашингтон мұсылмандары 17 сағат ауыз бекітсе, Канада 18 сағатты оразамен өткізеді.

Сауд Арабиясындағы ораза ұзақтығы 16 сағаттан сәл асады. Біріккен араб әмірлігінде шамамен 15,5 сағат болса, Кувейтте – 16 сағат.

Мысыр, Тунис пен Алжир елдерінде оразаның орташа уақыты 16,5-17,5 сағат. Қытай елі де осы шамалас.

Ал көршілес Ресей елінің мұсылман жұртшылығы шамамен 20 сағат 49 минут ораза тұтады.

0 пікір