«Адем» сауда үйінің әкімшілігі шешім шығарды
 «Адем» сауда үйінің әкімшілігі шешім шығарды
02.05.2015 10:53
864
0
www.khabar.kz

Өртенген «Адем» сауда үйінің әкімшілігі өрттен кейінгі 3 күн ішінде: - Сауда үйінің бірінші корпусында болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге сауда орталығының басқа корпусынан бірінші корпустың құрылысы аяқталғанға дейін уақытша ақы төлемейтін сауда алаңдарын беруге; - Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге жаңадан салынатын корпустан өртеніп кеткен сауда алаңдарының орнына дәл сондай орындарды беруге (құрылысты бастау мерзімі нақтылануда, өрттенген ғимаратты жақын уақытта бұзылуға тиісті); - Өрттен келген залалды толық немесе ішінара өтеуге (келтірілген залал мөлшерін құқықтық шеңберінде әр жағдай бойынша жеке белгіленетін болады ) шешті. «Адем» сауда орталығының әкімшілігі Жетісу ауданы әкімшілігінің қолдауы бойынша несие беруші банктермен мүлкі өртенген кәсіпкерлердің төлейтін несиелерін кейінге шегеру туралы келіссөздер жүргізуде. Жетісу ауданының салық комитеті өрттен зардап шеккен әрбір кәсіпкер кассалық аппараттарын есептен шығарып, уақытша қызметін тоқтату үшін тек қана өтініш жазса болады деп хабарлайды.  «Адем» СО әкімшілігі 4 мамырдан бастап белгіленген кесте бойынша, мамыр айына төленген жалға алу ақысын қайтаратынын хабарлайды. Бұл туралы «Адем» сауда орталығынының фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

0 пікір