Абай болыңыз! Шұжық, тартылған ет, ірімшіктен зиянды микробтар анықталды
Абай болыңыз! Шұжық, тартылған ет, ірімшіктен зиянды микробтар анықталды
23.04.2015 12:13
2122
0

Ресейден әкелінген кейбір тағам түрлері тиісті сапаға сай емес. Арнайы тексеріс жүргізген Қостанай облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары осындай қорытындыға келген.  Бастапқы сараптама нәтижесінде Микояндық «Южный» шұжығынан, Челябіде тартылған еттен, «Простоквашина» ірімшігінен зиянды микробтар анықталған.  Ал «КДВ Яшкино» кәсіпорны шығарған кондитерлік өнімдердің ақуыз, көмірсу, май құрамында ауытқушылық бар.  Бұл ақпараттар тиісті шешім қабылдау үшін республикалық тұтынушылар құқын қорғау комитетіне жіберілді.

Дереккөз: www.khabar.kz

 

Бүгінгі жаңалықтар:

Чилиде биіктігі 2003 метрге жеткен жанартау атқылады

Роботтар қызмет көрсететін кеме сапарға шықпақ

0 пікір