5-сынып оқушысының шығармасы Елбасы көңілін толқытты
5-сынып оқушысының шығармасы Елбасы көңілін толқытты
01.05.2015 14:54
1390
0
www.24.kz

Ақтаулық оқушының Елбасы атына жазған шығармасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілін толқытты.

Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде Карина Данилованың ақ қағазға түсірген туындысынан үзінді келтірді. 12 жастағы ақтаулық оқушы «Менің Президентім» атты шығармасында әрқашан да бейбіт елде, ашық аспан астында өмір сүргісі келетінін айтқан. 5-сыныпта оқитын Карина Данилова Ақтау қаласында дүниеге келді. Бірақ оның ата-бабасы Тәжікстан мен Шешенстандағы қақтығыстардың салдарынан Қазақстаннан пана тапқан. Шығармасында «Еліміздегі тыныштықты сақтауда Елбасының қосқан үлесі зор», - деген жолдарды келтірген Карина өз тағдырын берекесі мен бірлігі жарасқан Қазақстанмен байланыстырады. Оқуда озат, дарынды қыз домбыра да шерте алады. Қазір қазақ тілін үйреніп жүр.

Карина Данилова, 5-сынып оқушысы: - Менің анам ата мен әжемнің «Ең бастысы – бейбітшілік пен ашық аспан» деген сөздерді ғұмыр бойы айтып өткенін жиі еске алып отырады. Туған-туыстарым да осы сөздерді қайталаудан жалыққан емес және мен бірлігі жарасқан Қазақстанда білім алып, өмір сүріп жатқаным үшін бақыттымын. Ал еліміздегі тыныштықты қамтамасыз етуде Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі шексіз. Мен өз Президентімді, елімді жақсы көремін және менің шығармама назар аударған Елбасына рақмет айтамын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Лида Сұлтанова, ұстазы: - Жетістіктері өте көп. Шахмат, домбыра үйірмесіне қатысады. Өте дарынды оқушы. Өз қатарының алдында келе жатқан оқушы.

0 пікір