25 мың қолданушы Facebook-ке қарсы шағым түсірді
25 мың қолданушы Facebook-ке қарсы шағым түсірді
10.04.2015 09:50
714
0

Австрияда Facebook-тің үстінен шағым түсірген 25 мыңнан астам қолданушының арызы бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті. Азаматтар әлеуметтік желіні жеке мәліметтерімізді америкалық барлау қызметіне берді деп айыптап отыр. Сөйтіп, олар әр адамға 500 еуро моральдық шығын төлеуді талап етуде. Алайда Facebook әлеуметтік желісінің қорғаушысы арыздың берілуі заңсыз деп санайды. Арызданушы тарап болса, «Бұл – уақытты созу тәсілі» деп наразылық танытып отыр. 4 сағатқа созылған сот отырысынан кейін сот шағымды өндіріске енгізу туралы жазбаша шешім жазға дейін шығарылатынын мәлімдеді. 
Бұл жайында www.24.kz ақпарат көзі хабар таратты.  

0 пікір