18 сәуірден бастап елімізде насыбайға тыйым салынады
18 сәуірден бастап елімізде насыбайға тыйым салынады
16.04.2015 10:12
1347
0

     18 сәуірден бастап «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енеді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Жаңа заң бойынша кейбір табак және алкоголь өнімдеріне шектеу қойылады. Соның ішінде құрамындағы никотин мен шайыр белгіленген мөлшерден асып кеткен табак өнімдерін шекарадан енгізу, өндіру, сату және таратуға тыйым салынады. Бұл қатарға бірінші кезекте насыбай жататыны белгілі. Десек те, оның орнын барлық санитарлық талаптар мен ережелерге сай дайындалған шекпей қолданылатын басқа табак өнімдері басуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, насыбайдың орнын шведтің снюсімен алмастыруға болады. Әзірге бұл өнім Қазақстан нарығына әлі келген жоқ.
      Медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Мейрам Раганиннің айтуынша, бүгінде шегілмейтін табак өнімдерін реттеу мәселесі бойынша негізгі мақсатқа қол жетті. «Мәжілістің заң жобаларын талқылауға арналған отырыстарында біз осы мәселеге қатысты бірнеше рет өз ұсыныстарымызды айтқан едік. Халық қалаулылары мен Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан ғалымдарының үніне құлақ асып, бір шешімге келгені бізді қуантып отыр. Жаңа заңға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға қайшы келетін шегілмейтін табак өнімдеріне тыйым салынбақ. Олардың арасында насыбайдың болуы – өте құптарлық дүние. Себебі, оның құрамында адам денсаулығына аса қауіпті, онкологиялық дертке шалдықтыратын нитрозамин, бензопирен, канцероген және тағы басқа ауыр металлдар бар» – дейді Мейрам Раганин.
      Осы салада зертеу жұмыстарын жүргізген ол Швецияның тәжірибесінен үлгі алуымыз керек екенін айтты. «Швецияда шылым шегетін жандарға зияны аз өзге өнімді қолдануға мүмкіндік бар. Ол өнім – швед снюсі. Біз насыбай мен снюстің құрамын салыстырып, айырмашылықтың жер мен көктей екенін байқадық. Аталған елде бұл табакты ерлердің 18, ал әйелдердің 3 пайызы тұтынады. Бүгінде Швеция Еуропада табак өнімдерінен пайда болатын онкологиялық аурулар бойынша ең төменгі көрсеткішке ие», – деген ғалым снюстен келетін қауіп насыбайдан төмен екенін назарға алды.

Ақпарат көзі: www.egemen.kz

0 пікір